«Жаз жайнатып, күн күлдіріп» ойын сауық кеші

Дата: 2016-06-13 05:36:38
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп» ойын сауық кеші

ЖББ №8  орта мектебінде «Шағала» жазғы демалыс лагері өз жұмысын жалғастырды. Оқушыларды таңертеңгі 9.00 –де қабылдап алып, жұмыс күнін таңғы жаттығу жасаудан басталды. «Жаз жайнатып, күн күлдіріп» ойын сауық кеші  өткізілді. Балалармен әртүрлі ойындар жүргізіліп, мектепшілік би кеші ұйымдастырылды. Балалар өте көңілді жүріп мектеп іс- шарасына белсене араласты. Сондай-ақ  қалалық саябаққа серуендеуге шықты. Күн тәртібіне сәйкес түскі ас берілгеннен кейін тынықты.