Оқушылардың интернетке тәуелділігінің алдын-алу

Дата: 2016-04-14 06:54:24
Оқушылардың интернетке тәуелділігінің алдын-алу

   Мақсаты: оқушыларға ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы мағлұмат бере  отырып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуге үйрету.
Жұмыс түрі: Пікір-талас
Әдісі:сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру
2016 жылдың 16 сәуірінде оқушылардың интернетке тәуелділігінің алдын-алу мақсатында пікір-талас жүргізілді.
ХХІ ғасыр –компьютер заманы. Сондықтан өскелең ұрпақты виртуалды әлемді жан-жақты меңгергеніне қуанамыз. Ғаламтордың арқасына қазіргі ел орталығы мен шет аймақтар арасына алшақтық жойыла түсуде. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» да ғылыми-танымдық ізденістеріңізге көмекші болатын да осылар. 
Алайда таяқтың екі ұшы болады дегендей , ғаламтордың да пайдасы мен қатар зияны да жетерлік . Алайда ғаламторды жақсы немесе жаман болуы оны қалай қолдануымызға байланысты екенін ұмытпайық.
Пікір –таласта оқушылар өз ойларын ашық айтып, ғаламторға анықтама береді. Ол бүкіл ғаламдық тор, бүкіл әлемдегі компьютерлік желілерді бір - бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатын баяндады. Ғаламтор адам баласының өмір сүру дағдысына, тұтас рухани әлеміне ұнамды я ұнамсыз жақтан күшті ықпал ететіні анықталуда. Сондықтан оны пайдаланғысы келген адам ондағы бар болған мүмкіндіктерді тек өз қажеті үшін адасып ағат кетпей, денсаулығына, қызметіне кері әсерін тигізбей дұрыс игіліктене білгені жөн екендігі айтылды.
Қорытынды: соңында сауалнама алынып, интернетке тәуелділікті жеңудің 10 жолы талқыланды.Оқушылар «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» туралы көп мәлімет алды. Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білейік деген ұсыныс айтылды.