«Он саусағынан өнер тамған халықпыз» атты қалалық сайыс

Дата: 2016-03-30 06:22:18
«Он саусағынан  өнер тамған халықпыз» атты қалалық сайыс

   Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына  орай   жоспарланған, қазақ халқының ұлттық өнерін,салт-дәстүрін  қалыптастыру мақсатында ,   қалалық  «Он саусағынан  өнер тамған халықпыз» атты  сайыс  өткізілді.Сайысқа  қазақ  мектептерінің  оқушылары қатысты. Сайыс  топты таныстыру, «Сал айнытпай болсаң егер суретші», «Қағаздан ою-өрнек қию», «Шебер қол ештеңені талғамайды», «Он саусағы майысқан,шебер болар ұрпақпыз»  сияқты кезеңдер бойынша  өтті. Сайысымызға  қалалық  мұражай маманы, қалалық тілдер орталығының маманы қазылық етті. Сайыс барысында  оқушылар  ине жіптің көмегінсіз көйлек  тігіп,таспадан  гүлдестелер жасап, адамға қарап  отырып,оның  портретін  орындау сияқты тапсырмаларды  мүдірмей орындап шықты. Белсенділік танытқан осындай  оқушыларымыздың   жүйелі орындаған  жұмыстарын бағалау қазыларға  оңай болмады. Сайыс соңында 1-ші жүлделі орынды №7 мектеп гимназиядан «Зерде»  тобы иеленсе, 2-ші орынды №8 орта мектебінің «Алтын оймақ» тобы мен №16 лингвистикалық бағыттағы мектебі, 3-орынды  №9 орта мектебінің «Өнерлі арулар» мен №2 лицейдің  «Шебер»тобы  иеленіп мақтау қағаздарымен марапатталды. Сайыс соңында  қатысушылар естелікке суретке  түсті.