«Ауғанның от - жалыны» атты ерлік сабағы

Дата: 2016-02-12 07:59:56
«Ауғанның от - жалыны» атты ерлік сабағы

   ЖББ №8 орта мектеп кітапханасында 10.02.2016 жылы кітапхана меңгерушісі Р.А.Исабаева және кітапханашы С.Р. Мырзагалиеваның  ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай жауынгерлер – интернационалистеріміздің батырлығын, ерлігін құрметтеп болашақ жас жеткіншектерімізді ерлікке, ұлтжандылыққа өз елінің патриоты болуына тәрбиелеу мақсатында «Ауғанның от - жалыны» атты  8Ә ұландар сыныбының қатысуымен  ерлік сағаты өтті.
   Сонымен қатар, соғыс алаңынан елге оралмай, қыршын кеткен жерлестеріміз Самат Нұрғалиев пен Анатолий Антоновтың фото – суреттері, соңғы хаттарының көшірмесі, баспасөз басылымдарына жарияланған мағлұматтарға шолу жасалды.