ЖББ №8 орта мектебінде Әкелер кеңесінің отырысы өткізілгені туралы ақпар

Дата: 2016-01-26 04:55:55
ЖББ №8 орта мектебінде  Әкелер кеңесінің  отырысы  өткізілгені туралы  ақпар

  Қаңтар айының  23-күні мектебімізде  директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының  ұйымдастыруымен  «Бәйтерек»  әкелер кеңесінің  мүшелерімен отырыс өткізілді. Отырыс  өткізу  барысында, Алпысбаева А.С.  әкелер кеңесінің  мүшелерінің  құрамы өзгергендігі   жаңадан қосылған  мүшелерді таныстырып өтті. Олар  Конратбек А. Марат Қадырұлы. Алдағы  2-жартыжылдық  кезінде өткізілетін  іс-шаралар жоспарымен таныстырылып, ақпан айына  жоспарланып отырған  «Мамандық таңдау-маңызды іс» атты кәсіптік бағдар беру жұмысын  өткізу барысы  айтылды. Әкелер кеңесінің   мүшелері Жұмыспен қамту 2020 - бағдарламасы   бойынша  қалалық   еңбекпен қамту орталығының  мамандары  шақырылса деген өз ұсыныстарын айтты. Және де алдағы уақытта, жоспарланған іс-шараларға  ат салысатындарын айтты.