2015-2016 оқу жылында жас мамандарға әдістемелік көмек ұйымдастыру семинары

Дата: 2015-10-10 04:25:37
2015-2016 оқу жылында  жас мамандарға әдістемелік көмек ұйымдастыру семинары

   «Жас мамандар» мектебі былтырғы жылдан бері  информатика пәні мұғалімдері  Амантай Ж. , Жумабекова А.,  дене шынықтыру пәні мұғалімі Сүндетбаев А., ағылшын тілі мұғалімі Мырзағалиева С. болса, биылғы жылы  физика пәні мұғалімі  Еркен А., даярлық тобының мұғалімі Абишева Ж., бастауыш мұғалімі Казангапова М., сияқты жас мамандармен толықты. Жас ұстаздың теориялық дайындығы мықты болғанымен, олардың күнделікті педагогикалық іс –тәжірибеден хабары әлсіз болады. Жетістіктерге жету үшін алғашқы кезеңде жас педагогке көмек қолын созу қажет. Жас мамандарға кәсіби жан –жақты көмек көрсету мақсатында бүгінгі күні  жоғары тәжірибелі ұстаздар  Қанат Д.К,Тишбекова Г.Т, Қ.Ынтықбаева, Қонуров Бақтыбай Жамашович тағайындалды, ал  «Жас мамандар» мектебіне  жоғары санатты,тәжірибелі, биология пәні мұғалімі Мырзабаева Гулдария Мухитбековна  жетекшілік жасайды. Жас маманның педагогикалық  ұжымға бейімделуіне оңтайлы жағдайлар жасауға  септігін тигізу мақсатында семинар өтті.