Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылындағы «Шағала» жазғы демалыс лагерінің ашылуы туралы ақпар

Дата: 2015-06-01 08:54:41
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылындағы «Шағала» жазғы демалыс лагерінің ашылуы туралы ақпар

Қазақстан Білім және  ғылым министрлігі және балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан балалары –нұрлы жолмен» республикалық акция шеңберінде көптеген мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Бүгінгі шарамызда сол акцияның аясында өткізілп отыр.  1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келіп мектебімізде «Шағала» атты жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты болып өтті. Лагердің ашылуында мектебіміздің директоры Төкейбекова Айгүл Төкенқызы оқушыларға сәттілік тілеп, лагерьде көтеріңкі-көңіл күймен дем алуларына өз тілектесітігін білдірді. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласып, қызықты ойындар ойнатылды. Ойынға белсене қатысып, атсалысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.