«Білім берудегі сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» коучингі

Дата: 2015-02-13 04:38:20
«Білім берудегі сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» коучингі

2015 жылдың 12 ақпанында №15 мектеп-лицейінде «Білім берудегі сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» тақырыбында жалпы білім беретін №8 орта мектебінің деңгейлік курсты аяқтаған мұғалімдері коучинг өткізді. Коучинг өткізудің негізгі мақсаты: Мектептегі мұғалімдердің сенімділігін коучингтер жүргізу арқылы дамыту. Міндеті: Қала мектептерінің арасында желілік қоғамдастық құру.

       Коучинг 8 бөлімнен тұрды.

1.     «Өзгеріс» желілік қоғамдастығы туралы топ жетекшісінің сөзі (жауапты Д.К.Қанат)

2. Топқа бөлу сәті (жауапты Ж.Қ.Жетписбаева)

3. Танысу тренингі (жауапты Қ.С.Ынтықбаева)

4. Сюжетке эссе жазу (жауапты Г.С.Мухаметжан)

5. Сергіту сәті (Жауаптылар А.Д.Мырзахметова, М.М.Жұмаш)

6. Логикалық тапсырма «Тоғыз нүкте» (жауапты Ж.Қ.Жетписбаева)

7. Кері байланыс. Рефлексия «Чемодан жинау»(жауапты Д.К.Қанат)

8. Желілік қоғамдастық құру сәті (жауапты А.Т.Жунусова, А.С.Оспанова)