"Мектепке жол"

Дата: 2022-08-12 10:58:46

2022 жылдың 1 тамыздан бастап "Мектепке жол" жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде. Жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезінде күнкөрісі төмен  және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім және ата - аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында арнайы жоспар құрылып, станд безендірілді. "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы жеке кәсіпкерлерге күнтізбе, арнайы жарнамалар таратылды. Мұғалімдер  ата - аналарға акцияның басталғаны туралы хабарлап, құжаттарды өткізулерін қадағалауда. Қазіргі таңда  ата -аналардан құжаттар қабылданып жатыр.