Размер шрифта:

Мерекелік құттықтау!

Дата: 2014-10-15 10:07:40
Мерекелік құттықтау!

Құрметті ұстаздар,қадірлі ардагерлер, әріптестер!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз  - ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!Ұстаз қай заманда да, қай қоғамда да аса құрметті, аса қажетті, сыйлы, сындарлы кәсіп болған. Ал қазіргі ұстаздың қоғамдағы орны тіптен ерекше.Себебі, білім – еліміздің болашағының, жоғары кәсіптіліктің, қазақстандықтардың жас ұрпағының отаншылдығы мен руханиатының негізін қалайтын сала. Және оның басты тірегі – сіздердің риясыз еңбектеріңіз, шығармашылық ізденістеріңіз бен жанқиярлықтарыңыз, қадірлі әріптестер!Жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, педагогтың негізгі міндеттерінің бірі — қоғам мен өз Отанына пайда әкелетін, шығармашыл ойлайтын, еңбексүйгіш және жауапкершіл азаматты тәрбиелеу болып қала береді. Елбасының бастамасымен Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру процесінде де мұғалімнің рөлі ерекше.Өйткені мектеп қабырғасынан адамның еңбекке көзқарасы қалыптасады, оның ішкі дүниесі мен жауапкершілігі  тәрбиеленеді.Сондықтан білім мен адами капиталды жетілдіру мемлекеттік саясаттың ажырамас басымдығы  екенін түйсіне отырып, осы бағытта ұрпақ тәрбиелеу – әр ұстаздың міндеті.
Құрметті, ардақты ардагерлер! Сіздер бойларыңыздағы бар асыл қасиеттеріңізді, білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді ұрпақ тәрбиесіне арнап, талай шәкіртті үлкен өмірге аттандырдыңыздар. Бүгінде сол еңбектеріңіздің өтеуіндеу, сол шәкірттеріңіз еліміздің сан саласында елеулі еңбек етуде. Еңбектің зейнеті деген осы деп білемін. Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! "Ұстаз бақыты - озып туған шәкірті" десе, аттарыңызды  әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!