«Бақытыңды балаңнан ізде»

Дата: 2014-09-13 09:56:11
«Бақытыңды балаңнан ізде»

Қыркүйек айының 12-сінде психологтар Абдуалиева З.Н мен Тажикеева М.Н.  «Отбасы күніне» байланысты «Бақытыңды балаңнан ізде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қараудың қызығушылықтарын дамыту; бала мен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін қолдауға ой салу.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін әр түрлі қызықты психологиялық жаттығулар ұйымдастырылды.
Психолог Абдуалиева З.Н. отбасының адам өмірінің тамаша жақтарын жүзеге асыратын, баланың өсіп, өмір сүретін орны екендігін және бала тәрбиесі отбасынан басталып,қалыптасатындығын баяндады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, жақсы, жаман әдеттерді бала бойына туғаннан бастап қалыптасандығын сөз етті. Баланың мейірімді, еңбекқор болып өсуі –отбасындағы жайлы, жақсы климаттың болуынан деді. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлейік деп сөзін қорытындылады. Одан соң ата-аналармен «Танысу тренингі» жүргізілді. Жағымды көңіл-күй қалыптастыру мақсатында «Түс таңдау» жаттығуы жүргізіліп, ата-аналардың  көңіл-күйлері анықталды. Ата-аналарға бала тәрбиелеуде нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің маңызы зор екендігін психолог Тажикеева М.Н. түсіндіріп, ата-аналармен отбасына қатысты мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастырды. Әр ата-ана өз баласының қаншалықты танитындығын анықтау барысында «Адам» жаттығуы жүргізілді. Жаттығуда әр ата-ана өз баласының бейнесін салып, баласының нені ұнатып, нені ұнатпайтынын жазып көрсетті және талдады. Отбасының қарым-қатынасын анықтау мақсатында «Отбасы социограммасы» жаттығуы жүргізілді. Одан соң, «Мен сиқыршы болсам...»сөйлемін аяқтау үнтаспадан балалардың дауысымен естіртілді. Жаттығу талдана келе,бала тәрбиесінде отбасы мүшелері тарапынан жіберілетін олқылықтарды болдырмау керек деген тоқтамға келді. Ата-аналар  бақытты отбасы болу үшін отбасы мүшелерінің  бойындағы жақсы қасиеттерді күннің шуақтарына жазып орналастырды. Дөңгелек үстел соңында ата-аналарына бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жақсы тілектер айтылды, психологтар ата-аналарға арналған «6 кеңес» жаднамасын таратты.