Мектеп психологының ата- аналарға беретін кеңесі.

Дата: 2014-09-13 09:49:36

2014-2054 оқу жылы басталды.
Мектеп психологының ата- аналарға беретін кеңесі.

 -Баланы  ерте  бастан  өзін -өзі басқара  білуге, өзбеттілікке  үйретіңіз
 -6-7 жастағы  баланың өз  іс әрекеттерін өз бетінше жүзеге  асырулары  сирек кездеседі: күнделікті  жұмыс  кестесін  құрып  және  алда жасалатын жұмыстарын жазбаша және ауызша жадынама жасап  көмектесіп  отырыңыз. Бұл  баланы алда жоспар жасай  білуге,уақытын тиміді  пайдалана білуіне көмектеседі.

  -Балаңыз  сізге үй  шаруасына  көмектессін (гүлге  су құю, дастархан әзірлеу, қоқыс  төгу, дүкеннен  нан әкелу),бірітіндеп  оның өзі жауап бере алатындай  үйдегі  жұмыстарды  тапсырыңыз.

   -Баланы  өз ісіне,өзі  жауап  бере алатындай болуға  мүмкіндік  беріңіз.

  -Өз ойыншықтарын  жинау, киіну және  мектепке  сөмкесін  жинау т.б.балаңызға  жүктелген  міндеттер оның  жасына  сай  болуы  керек. Балаңыздың  өзі  жасай  алатын ісін, сіз  жасамауға  тырысыңыз. Келешекте  бала соған  үйреніп, сіздің  бірнеше ескертпелеріңізден  кейін  өзіңіздің  жасайтыныңызды  біліп, сіздің сөздеріңізге  мән  бермейтін  болады.

  -Балаңызды  жиі  бірлескен  жоспарларыңызды  талқылауға шақырыңыз, айтқандарын  тыңдап, пікіріне  назар  аударыңыз.

   -Егер  балаңыз  жұмыс істей бастаса, сіз де өз ісіңізбен айналысыңыз, әрдайым  қайта қайта  қадағалап, ескерту  бере бермей, істеген  ісін жай  ғана бақылаңыз. Қажет болған жағдайда ғана  бағыт беруіңізге  болады.

   -Балаңыздың  қойған сұрақтарына  бүге- шүгесіне  дейін  жауап бермей, өзі ойланып түсінуіне  бағыт  беріңіз.         Түсініксіз сөздердің синонимін  мысалға  келтіре  отырып, балаңызбен  бірге  сөздіктен  қараңыз, бұл  бір жағынан  әрекетті  ауыстыруға, көмектеседі.

Психологиялық  кеңес  және  оны  ұйымдастыру

Психологиялық  кеңес дегеніміз  рухани  жағынан  көмекке  мұқтаж  адамдарға  ақыл- кеңес беру, жол  көрсету. Психологиялық  кеңес  арнайы  жабдықталған  орында, бөгде  адамдардан  оңашаланған  жерде  өткізіледі, кеңесті  өткізуге  арнайы  уақыт  белгіленеді.

Психологтың  кеңес  алушымен  алғашқы  кездесу  кезіндегі  әңгімесі.

10 минуттан  2 сағатқа  дейін  созылуы  мүмкін. Кеңес алушы  адам  психологқа  өзі  туралы, өзін  мазалап  жүрген  мәселесі  туралы  толық  айтуы  керек. Психолог  зейін  қоя тыңдайды. Психологиялық  кеңес  адамдарға  психологиялық  көмек  берудің  ең  күрделі түрі. Кеңес  алушы  адамға  өз  проблемасын  психологтың  көмегінсіз  шеше  алатындай  болғанға  дейін  беріледі.

 Психологиялық  кеңес:

    1.Туындаған  мәселенің   күрделілігіне  байланысты 1-2 рет         немесе  оданда  да  көп  кеңес  берілуі  мүмкін.

   2.Кеңес  алушының бір  ғана мәселесі  емес  жеке жеке  кеңесті  талап  ететін  бірнеше  мәселелері  болуы  мүмкін.

   3.Мәселе  бірден  шешілуі  мүмкін. Тек  ғана  кеңес  алушыға  қосымша  қолдау, қолпаштау, ерік, жігер  қажет  болған  жағдайда  психологиялық  кеңес  қысқа  уақыт  мерзімді  қамтиды.