Кадет сыныптары туралы мәлімет

Дата: 2014-08-21 06:24:49
                                   
                                 Кадет сыныптары туралы мәліметтер
 
Кадет сыныбы туралы және кадет сыныбына қабылдау туралы ережелерге сәйкес жасы 11 жастан аспаған, орта мектептің 4 - сыныбын бітірген, денсаулығы жақсы, жағымды мінездемесі бар ер жынысты балалар  қабылданады. Сынып оқушылары  мектеп басшылығымен бекіткен нысанда әскери киім киеді. Киім нысаны күнделікті далалық және салтанатты киімнен тұрады. 5-сыныпқа оқушыларды қабылдау тамыз айының үшінші аптасынан бастап конкурс бойынша жүргізіледі. Конкурс кезінде  комиссия құрылып, үміткерлерді денсаулығы бойынша, білім деңгейі бойынша және спорттық көрсеткіштері бойынша сынақтар алынып, комиссия шешімі бойынша қабылданады.
 Кадет сыныбының оқушылары мектеп қабырғасында жалпы білім беру стандарты бойынша білім алумен қатар, кадет сыныбы туралы бағдарламаға сәйкес қосымша үйірме пәндері жүргізіледі. Үйірмелер  оқушылардың жас ерекшеліктеріне, үйірменің күрделігіне байланысты   әр сыныпқа бөліп қарастырылған. Жеке алып қарастыратын болсақ, 5- 6 сыныпта «Қарулы Күштер тарихы», «Саптық  дайындық», «Қоян-қолтық күрес», 7-сыныпта «Әскери топография», «Медицина білім негіздері», 8-сыныпта «Әскери тактика», «Этикалық және эстетикалық білім негіздері», «Психология», 9- сыныпта  «Атыс дайындығы» 
Желтоқсан айының 14-15 жұлдыздарында еліміздің Тәуелсіздік алған күніне орай 5-сыныпқа қабылданған кадеттерге ант қабылдау рәсімі өткізіледі. Бұл рәсімнің әрбір кадет үшін маңызы өте үлкен. Себебі: ант қабылдау әрбір оқушы үшін оның патриоттық рухын көтеруге зор себеп болып табылады.
Әрбір тоқсанда оқушылардың білім деңгейлері, спорттық дайындықтары, денсаулық көрсеткіштері сараланып  мектеп басшылығымен талқыланады. Төмен көрсеткіштері бар оқушылармен пән мұғалімдері арқылы, сынып жетекшілері арқылы жұмыстар жүргізіледі.  Білім деңгейлерін, спорттық дайындықтарын жетілдіру мақсатында әрбір оқушының мүмкіндігіне  жеке  көзқараспен талдау жасалынады. Тоқсан соңында әрбір оқушының дене салмағы мен бойының ұзындығы өлшеніп отырады. Қазіргі уақытта кадет сыныптарында 58 оқушы оқиды.