«Кітап әлемінде» атты тақырыпта «Zoom» платформасы өтті

Дата: 2021-06-19 12:20:27
Әдеби кітаптар мен оқулықтар – білім көзі рухани қазына. Халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол өлең жырлары мен жарқын аудармаларын оқуға насихаттау, өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, оқушылардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне,ата-анасына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мектебіміздің оқушыларымен «Кітап әлемінде» атты тақырыпта «Zoom» платформасы арқылы Ақтоғай ауданының тумасы, Қарағанды медициналық академиясының аға оқытушысы, доценті 2 оқу құралдарының , 20 дан аса ғылыми мақала авторы Каукербекова Бағлан Сатибековамен кездесу өтті.Өз сөзінде Каукербекова Бағлан өз шығармашылығымен таныстыра отырып, балаларды кітап оқуға баулуға, көркем әдебиет арқылы ата-ананы қадірлеуге тәрбиелеу және бүгінгі таңда балалардың кітап оқу мәселесі, балалар әдебиетінің ерекшелігі мен әр алуандығы жайында әңгімеледі. Сонымен қатар балаларды кітап оқуға қалай ынталандыруға болады, олардың жас ерекшелігіне қарай қандай кітап оқығаны дұрыс, көркем әдебиетке баулу сияқты мәселелерге де тоқтала кетті.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, Отан, туған жер, ел ордамыз туралы сыр шертеді.
Возможно, это изображение (9 человек и книга)