"Табиғатты жүрегіңмен тап "

Дата: 2021-04-22 15:45:57

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде "Зейін" жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Табиғатты жүрегіңмен тап " атты экологиялық сауаттылық апталығында 5-7 сыныптар арасында "Жұмбақтарды тап" атты тақырыпта қашықтықтан сайыс өтті. Жұмбақтар арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүние танымын кеңейтеді. Сайыс барысында ең алдымен сөзжұмбақ және үйден дайындап келген жұмбақтарын жасырды, сонымен қатар тақырыпқа байланысты жұмбақ жасырылды. Оқушылар белсене атсалысып, тапқырлықтарын көрсете білді.

Возможно, это изображение (6 человек и текст)