«ҰБТ-ға сеніммен барайық».

Дата: 2021-04-14 13:25:39
Сәуір айының 12-сі күні мектеп психологы Үмбет М.С 11-сынып оқушыларымен «ҰБТ-ға сеніммен барайық» атты тақырыппен тренинг өткізді. Мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету, бойларына сенімділік орнату.
Оқушыларға «Қар қиыршықтары» жаттығуы жасалды
Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктейміз , оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Осылай мүмкіндігімізше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.Талдау:
— Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Себебі неде деп ойлайсыздар?- не себепті бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?
— Себебі бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз. Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан-дүниеміз бәрі әртүрлі. Ал, біздің бірге жиналуымызда бір себеп бар – ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен роліміз әртүрлі болсада, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.
Қорытындылай келе:
Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз.Бәріміз орнымыздан тұрып, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ға сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар.
«ҰБТ- да жетістікке жетейік!».
Возможно, это изображение (стоит и в помещении)
Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди сидят, люди стоят и в помещении)