Мектеп ұжымы 2019-2020 оқу жылынан бастап мектебімізге Бауыржан Момышұлының есімін алуға байланысты жасалынған жоспар

Дата: 2021-01-18 20:11:59
Мектеп ұжымы 2019-2020 оқу жылынан бастап мектебімізге Бауыржан Момышұлының есімін алуға байланысты жасалынған жоспарға сәйкес іс-шараларды өткізіп келеді. Жоспарға сәйкес атқарылатын бір шара, ол Бауыржан Момышұлы атымен аталатын оқу орындары мен нысандар туралы жете біліп, тәжірибе алмасу мақсатында кездесулер өткізу болатын. Осы мақсатта 2021- жылдың 14-қаңтар күні мектебіміздің әкімшілік ұжымы Тараз қаласындағы №45 классикалық гимназияның әкімшілік ұжымымен байланыс орнатып, қашықтықтан кездесу өткізілді.
Ең бірінші мектеп басшылары сұхбат жүргізіп, мектептердегі оқу-тәрбие үрдісінің өтілу барысы туралы, жүргізілетін жұмыстардың өткізілу бағыты жөнінде таныстырды. Мектептің жай-күйі, жеткен жетістіктері туралы мектеп директорының пікірін білген кезде осы бағытта өткізілген шараларға көбірек тоқталды. Басты мақсатымыз Б.Момышұлының есімін алуда және кейінгі уақытта да атқарылған жұмыстар туралы білгіміз келгендіктен №45 гимназия директоры Ф.Советбекқызы батыр атын насихаттап, тәрбие үдерісін жақсарту мақсатында атқарылған шараларға барынша тоқталып өтті. Әріптестеріміздің жұмысындағы тиімді әдістер қолдану қажеттігіне және оқу мен тәрбиедегі сабақтастықтың оңтайлы тәсілдеріне назар аудардық.
Жаңа танысып отырған мектеп ахуалынан жақсы әсер алып, жаңашылдықты қолдайтындарын көре отырып, алдағы уақытта жұмыс жоспарымызға өзгеріс енгізуді қолға алуға деген құлшыныс болды.
Кездесу соңығда екі мектеп басшылары өзара әлеуметтік серіктестік орнатып, алдағы уақытта бірлескен шараларды қолға алу керектігіне келісті.
Кәсіби қажеттілігімізді шыңдауда қашықтықтан болса да бір-біріміздің сабағымызға қатысып, өзара қолдау көрсетіп, ой бөлісіп, осы мақсатты көздей келе жұмысымыз жетілдіретінімізге сенім білдірдік.
На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят, экран и в помещении