Ғылыми жобалар сайысы

Дата: 2014-03-14 12:46:31
Ғылыми жобалар сайысы

      Республикалық«Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жоба конкурсына былтырғы оқу жылында 8 оқушы қатысып, оның 63℅-ы жеңіске жеткен болса, биылғы оқу жылында 11 оқушы қатысып, оның тек 3-і ғана, янғи 27℅-ы жеңіске жетті.  Олар: Оңғарбекова Аида (6Б сыныбы) жетекшісі: Г.С.Шаймерденова, Серикова Аида (6В сыныбы) жеткешісі: Д.М.Тулкина, Муканова Аяулым (6Б сыныбы) жетекшісі: Т.Т.Мейрам. Көрсеткіштердің төмендеу себебі: жұмыстың жан-жақты толық зерттеліп, өзектілігінің ашылмауы деп ойлаймын. Сондықтан келешекте ғылыми жетекшілері жобаның дұрыс жазылуына көп көңіл бөлуі керек. 

       Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының халықаралық «Мен-зерттеушімін» байқауы шеңберіндегі оқу-зерттеу жұмыстары фестиваліне қатысып, үздік зерттеу жұмысы үшін дипломмен 1 сынып оқушылары Әлімхан Ерсін (жет: Ж.Ә.Кенжебаева), Медетқызы Аружан (жет: Ә.А.Жұмақан) марапатталды.

  Республикалық «Дарын»ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған ғылыми жобаларды қорғаудың облыстық кезеңіне жіберілген 6 жұмыстың  3 жұмысы облыстық іріктеу кезеңіне өткенімен келесі кезеңіне өтіп, оның 2-уі 8В сынып оқушысы Әділғазы Ақниет (жетекшісі: Т.Т.Мейрам) және 8А сынып оқушысы Өміртай Әнел (жетекшісі:Ә.Ө.Артықбаева) сертификатпен марапатталды. Былтырғы оқу жылында мектебімізден жіберілген жұмыстардың ешқайсысы да облыстық кезеңге жолдама алмаған болатын, ал биылғы оқу жылындағы  2 жұмыстың марапатталуы  ілгерілеушіліктің бар екендігін көрсетеді.

     Облыстық ЖЗШҒА – ның 5-7 сыныптар аралығындағы облыстық кезеңіне 10 жұмыс жіберіліп, 5 жүлделі орын иеленіп қайтты. Олар: ағылшын тілінен 7Г сынып оқушысы Ғабдолла Құралай І орын,  жетекшісі: А.С.Оспанова, 7Г сынып оқушысы Әділғазы Аида І дәрежелі диплом жет: Г.М.Мырзабаева, 6Б сынып оқушысы Алшинбай Алихан ІІ дәрежелі диплом жет: Г.С.Шаймерденова, география пәндерінен Ерболат Табиғат және Азкенова Айкеш-Аяжан ІҮ дәрежелі дипломмен марапатталып қайтты. жет: Б.Ө.Жумабекова және А.М.Бакишева. Қалған балалар да алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды. Олардың жетекшілері: Г.Т.Ажигулова, Д.М.Тулкина, Б.Б.Мусабекова, М.М.Жумаш.

 Облыстық ЖЗШҒА-ның биылғы жетістіктері былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 40 ℅- ға артқандығын байқауға болады.