"Әжелер сайысы"

Дата: 2014-03-12 10:56:19

1 «В» сыныбы

Сынып жетекшісі: Жұмақан Ә.А.

Тақырыбы:«Ғибрат орталығы» бойынша: «Ата салтың- халықтық қалпың»

Мақсаты:

         Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Оқушыларды кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.

Барысы:

- Армысыздар құрметті қонақтар, әжелер, аналар, сүйкімді қыздар! Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мерекесі құтты болсын!

- Қазақ отбасындағы әже орны ерекше, әрі қадірлі. Әже – отбасының ғана емес әулеттің де ұйытқысы, сыйлы анасы. Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік, берік. Ардақты да асыл әжелерімізден құралған «Ғибрат орталығы» «Ата салтың- халықтық қалпың» - атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Келбетіңде ұлылық,

Даладай кең пейілі.

Әже деген – жылылық,

Әже деген – мейірім.

- Дей отырып сайысқа қатысушы әжелеріміз бен немере – шөберелерін ду қолшапалақпен ортаға шақырайық.

1.Шөбере қолынан су ішкен, әжелеріміздің анасы, асыл әжеміз Бақыт Алдияр әжесімен ортаға шақырамыз.

Алдияр:Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы

Әжемізден тарайды.

2.Бізге әр кез тілікші болып жүретін, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған Ыбырайкенов Жәңгірді әжесімен ортаға шақырайық.

Жәңгір: Еркелесем күлімдейді,

Ұрысқаны білінбейді.

Маңдайымнан иіскеп мені

«Құлыншағым», «Күнім» дейді.

3.Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді, - деп немерелері қуанатын Инкаржанов Биржанды әжесімен ортамызды толықтырайық.

Биржан:Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді ол кісі,

Қандай ғажап ол кісі.    

4.Әже біздің күніміз

Әжемнің біз гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз, - дей отырып Дүйсенби Дильназды әжесімен қарсы алайық.

Ділназ:Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бақ әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

5. Немере қамын ойлай жүретін, көп балалы ана, балажан әже Нүрпейісова Динаның күн әжесі, нұр әжесін ортаға шақырайық.

Дина:Әлпештеген баласын,

Әже – бақыт, әже – жыр.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер әжесін.

6.Әже – бақыт, берекем,

Сүйенішім сен екен, - деп Маратқызы Әсем берекелі де мерекелі әжесімен ортаға шақырайық.

Әсем: Әжем маған саябақ,

Әнін тыңдап әжемнің

Мен осылай ер жетем.    

7.Бізді өсірген әжетай,

Еңбегің зор екен, - деп Омарова Лаураның ең сүйкімді, ардақты әжесін қарсы алайық.

Лаура:Әлпештеген, аялаған

Алақаның сая маған.

Жақсылығың немере үшін,

Қарыздармыз әже саған.

8.Өзі сондай әдемі, күндей күліп жүреді, ең тәттісін, дәмдісін Аружанға береді, - деп әжесін ортамызды толықтырайық.

Аружан:Әже мені айым дейді,

Мен мұңайсам уайым жейді

Әжем мені «Күнім» дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

- Міне әжелеріміз ортамызды толықтырып екі топқа бөлінді «Немере» тобы және «Шөбере» тобы.

- Кім жеңеді сайыста үміт алда,

Қобалжу бар жүректе күдік барда

Әділқазы алқасы атың дақта,

Жүректерге арман мен бақыт жолда,

- деп әділ қазы алқасымен таныстырамыз.

Мектебіміздің директоры: Төкейбекова Айгүл Төкенқызы

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Анаргүл Саяжанқызы

География пәнәнің мұғалімі: Бақыт Өмірсерікқызы

Бастауыш сынып мұғалімі: Балдырған Райханқызы

Биология пәнінің мұғалімі: Гүлдария Мұхитбекқызы

-                Енді сайысымыздың шартымен таныстырайық.

1 – кезең: Сыр сандық – сұрақ-жауап сайысы

2 – кезең:Өнер – ағып жатқан бұлақ (ән, би)

3 – кезең:Білгенге маржан (бата түрлерін, туыстық ұғым-атаулардың мағынасын ашу)

4 – кезең:Ас мәзірі: Әжеміздің асының тәттісін-ай, дәмдісін-ай, пай-пай!

5 – кезең:Жақсы сөз жарым ырыс (мақал-мәтел, қанатты сөздер, нақыл сөздер бойынша мағынасын ашу)

 

1 – кезең: Сыр сандық – сұрақ-жауап сайысы

«Немере» тобы

1.                     Тілашар қай кезде жасалады?

2.                     Қымызмұрындық жаз тойы дейді, неге?

3.                     «Б» дыбысына байланысты немереңізге арнап айналу-толғану сөзін айту.

«Шөбере» тобы

1.                     Тоқымқағар деген дәстүр бар, қалай түсінесіздер?

2.                     Соғым - ел асы, неге? (мағынасын түсіндіру)

3.                     «А» дыбысына байланысты немереңізге арнап айналу-толғану сөзін айту.

 

2 – кезең:Өнер – ағып жатқан бұлақ (ән, би)

Енді ортаны ашайық,

Інжу-маржан шашайық.

Ән мен биді шалқытып,

Әжелердің өнерін тамашалайық.

Жиналған халық таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық.

 

3 – кезең:Білгенге маржан (бата түрлерін, туыстық ұғым-атаулардың мағынасын ашу)

-  Әр топқа берілген тапсырма болатын, енді әр топтан бір әжеге сөз берейік.

4 – кезең:Ас мәзірі(тағам көрмесі)

- Әжелер сүйікті тағам дайындаған екен. Таныстырайық.

5 – кезең:Жақсы сөз жарым ырыс (мақал-мәтел, қанатты сөздер, нақыл сөздер бойынша мағынасын ашу)

«Немере» тобы

1.            Сенімге тұрар адам көп, бірақ өзіңе сенгеннен артығы жоқ.

2.            Келісіп істесе, көп іс бітеді.

3.            Бір баласы бардың шығар – шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде жанған шамы бар.

4.            Бесіксіз үйде береке жоқ.

«Шөбере» тобы

1.            «Жақсы атақ қалса, ол екінші өмір болады»-дейді ақылды кісілер

2.            Басқа түскен қиындық қатып қалмайды.

3.            Бала нені білсе жастан, ұядан - өле-өлгенше соны таныр қиядан.

4.            Ерте тұрып, кеш жат – ұйқың қанады, ерте тұрған ердің бағы жанады.

 

Әділқазылар алқасы бір шешімге келгенше біз жанкүйерлермен ой бөлісейік.

- Киімді желбегей жамылма. Ол жаман ырым, неге?

-Үйдегі жан баласын санама. Ол жаман болады, неге?

- Асар жасау деген сөз тіркесін қалай түсінесіз?

 

- Әжелеріміздің өнерлері, тапқырлықтары, шеберліктері, шапшаңдықтары бір-бірінен асып түсті. Жеңімпаз әжелерімізді анықтау үшін сөз кезегін әділқазыларға бересіз.

 

- Ардақты әже, аяулы әже қымбаттым, тәтті ұйқыңды немереңе боліп үн қаттың өміріме нәрін бердің ақ сүттің кең шуағын аясындай гүл бақтың – дей отырып бүгінгі мерекелік сайысымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Номинациялар:

 

1.     Балажан әже

2.     Мейірімді әже

3.     Әнші әже

4.     Ардақты әже

5.     Мейірбан әже

6.     Бұлбұл әнші әже

7.     Балқаймақ әже

8.     Білгір әже

9.     Өнерлі әже

10.         Сөзге шебер әже

11.         Асыл әже

12.         Ардақты әже

13.         Ең сүйкімді әже

14.         Қайырымды әже

15.         Бал әже

16.         Парасатты әже

17.         Дана әже

18.         Ең ардақты әже

         

Автор: №8 ОМ