Жаратылыстану-математика бағыты бойынша ҮІ Президенттік олимпиадасы

Дата: 2014-03-12 03:40:55
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша ҮІ  Президенттік олимпиадасы

   Жаратылыстану-математика бағыты бойынша ҮІ Президенттік олимпиадасының облыстық кезеңіне қала мектептерінен 9 үміткер қатысқан болатын. Олар №15 орта мектептен 4 оқушы, №9 мектептен 1 оқушы, №17 орта мектептен 3 оқушы және №8 орта мектептен 11 А сынып оқушысы Сериков Жамбыл  қатысқан болатын. Осы үміткерлердің ішінен тек облыстық кезеңге біздің мектебіміздің түлегі Сериков Жамбыл өтті. Облыстық кезеңнен де мүдірмей өтіп, Республикалық кезеңге жолдама алып келген Жамбыл сабақтарына тыңғылықты дайындалды.
   Сайыстың Республикалық кезеңі 4-7 желтоқсан аралығында Теміртау қаласында өтті. Олимпиадаға 14 облыстан жиналған дарынды, білімді 197 мектеп түлектері қатысты.  Олар өз облысының, қаласының, ауданының, мектебінің намысын қорғауға, өздерінің қаншалықты білімді екендерін дәлелдеуге келген болатын. Соның ішінде Қарағанды облысынан 12 бала қатысты. Теміртау қаласындағы 3 күндік олимпиада нәтижесі бойынша олимпиадаға қатысушылар ҚР вице-министрі Е.Иманғалиевтің мақтау қағазымен марапатталды.
   Мектеп оқушыларының ҮІ Президенттік олимпиадасының аймақтық кезеңінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

Автор: №8 ОМ