«Ауғанстан естеліктері» атты дөңгелек үстел

Дата: 2014-03-04 06:57:31
«Ауғанстан естеліктері» атты  дөңгелек үстел

2014 жылдың 15 ақпанында жалпы білім беретін №9 орта мектепте  Ауған соғысына қатысқан Қазақстандықтардың ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету, Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым ету, қастерлеумақсатында «Ауғанстан естеліктері» атты қалалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қала мектептерінің Ұланбасылар, балалар маслихаты депутаттары, Ауған соғысының ардагерлері  және мектеп тәлімгерлері қатысты.  Дөңгелек үстелге әр мектепке алдын ала берілген тақырыптар бойынша жасалған баяндамалар мен жұмыстар оқылып, Ауған соғысы жайлы біраз мағлұматтар айтылды. Және де Ауған соғысының ардагерлері өздерінің бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, жиналған қауымға келешекте бейбіт өмірде өмір сүріп, соғыстың болмауына өз ықыластарын білдірді. Кеш соңы естелікке суретке түсумен жалғасты.