«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

Дата: 2014-03-04 06:47:59
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

2013 жылдың 13 желтоқсанында Республикалық  «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 2,3,5 сыныптың   үздік оқушыларын қабылдау салтанатты  жиыны болып өтті. Жиынға қала мектептерінің ұланбасылары, оқушылар сарайының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі Алтынова Алия Кабдырахманова және мектеп ұстаздары мен оқушылары  қатысты.
Салтанатты  жиынымызда 4 сынып оқушылары дайындаған агитбригада өз  өнерлерін көрсетті. Жыл сайын  еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» және «Жас Қыран»  ұйымына қабылдау рәсімін өткізу дәстүріне  айналған жиында «Жас Ұлан»  ұйымы 66 үздік оқушымен толықты. Мектеп оқушылары ән айтып, би биледі, мектеп қонақтары  қабылданушыларға ақ жол тілеп жылы лебізідерін білдіріп «Жас Ұлан» ұйымына  қабылданған  оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгі тақты. Одан әрі «Жас Ұлан» ұйымының ұраны айтылып, әнұраны шырқалды.
Мектеп  ұланбасы  Жағуфарова  Ботагөз  келген қонақтарға мектеп ішін аралатып, кешіміздің соңынан естелікке мектеп қонақтарымен, қабылданушылармен  фотоға  түсті.

Автор: №8 ОМ