Мектеп асханасы

Дата: 2019-12-25 13:15:50
Мектеп асханасы

Мектебімізде әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім, қамқорлықтағы және көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан 178 оқушы  жалпы білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.  Оның ішінде 59 оқушы көп балалы отбасынан шыққан, ал 119 оқушы аз қамтылған отбасынан шыққан  оқушылар. Тегін ыстық тамақпен қамтылған балалардың ата-аналарынан қажетті құжаттар талапқа сай жиналып, бекітілді.

Мектеп асханасында 1 аспазшы, 1 аспазшының көмекшісі, 1 кондитер, 1 буфетші және 1 ыдыс жуушы жұмыс жасайды. Асхана талапқа сай жабдықталған: асхана бұрышы және онда төрт апталық ас мәзіріне сәйкес келетін әр аптаға жасалып бекітілген ас мәзірі бар. Сол ас мәзірі бойынша тамақтар беріледі. Асханаға келу кестесі бойынша сыныптар уақытымен барып отырады. Асхана тазалығын, тамақтың сапасын комиссия мүшелері және медбике, әлеуметтік педагогпен ай сайын тексеріліп, акт жасалып тұрады.  

Автор: №7 МГ