Размер шрифта:

«Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты оқырмандар конференциясы

Дата: 2019-12-25 12:22:05
 «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы»  атты оқырмандар конференциясы

«Reading Time» жобасы аясында оқушылардың көркем шығармаға қызығушылығын арттыру мақсатында  13 желтоқсан күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы мен ЖББ №9 орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында   «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы»  атты оқырмандар конференциясы өтті.

Бұл конференцияда қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, ұлтымыздың мақтанышы, ақиық ақын, жазушы, драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, абзал ұстаз С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы талданды.

Конференция Көкшенің шығу тарихын таныстырумен басталды.

Іс-шараның І кезеңінде оқырмандар «Көкшетау», «Жеке батыр», «Оқжетпес» бөлімдерінен үзінді мәнерлеп оқыды.

ІІ кезеңде  оқырмандарды еркін микрофонға шақырып,  поэма желісі бойынша біреше сұрақтар қойылды. Конференцияға қатысқан оқырмандар белсенділік танытып, өз пікірлерімен бөлісе отырып поэманы жан-жақты талқылады. Сонымен қатар Сәкен заманындағы Көкшетау мен қазіргі Көкшетауды салыстырып, ойларын ортаға салды.

ІІІ кезеңде  ақын поэмасындағы Көкше өңірінен шыққан әнші-ақындар бөлімінен экран арқылы  үзінділер берілді. Сол үзінділерді оқи отыра әнші- сазгерлердің кім екенін тауып, өмірбаяндарына да тоқталып, пікір алысты.

Конференция соңында оқырмандарымыздың бірі Әбентаева Дильназ «Көкшетау» әнін тамылжыта шырқады.

Автор: №7 МГ