«Артық білім - кітапта»

Дата: 2019-11-19 15:56:37
«Артық білім - кітапта»

Қазан айының 30-ы күні 3 сыныптарда кітапханада «Артық білім - кітапта» атты кітапхана сағаты жүргізілді.

Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Оқушылардың әдеби кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты пайдалануға үйрету.

Шара барысында оқушылар кітаптың пайдасы туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар, мақал-мәтелдер айтып, бір-бірлеріне жұмбақтар жасырды. Ребус, сөзжұмбақ шешіп, пазл құрастырып, пазлдан шыққан кітап бойынша өз ойларын ортаға салды.

Шара соңында «Кітап нені сүйеді» ойынын ойнап, кітап көрмесіне шолу жасады.  

Автор: №7 МГ