Размер шрифта:

«Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты интеллектуалдық ойын

Дата: 2019-10-21 14:27:35
«Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы»  атты интеллектуалдық ойын

Ақиық ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жыл толуына байланысты қазан айының 11-і күні «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты 10 сыныптар арасында интеллектуалдық ойын жүргізілді. Мақсаты: ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру және қазақ халқының ақыны, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинен мұра болып қалған шығармаларын насихаттау болып табылады.

Шара барысында 10А, 10Ә сынып оқушылары Таныстыру, Мәнерлеп оқу, Сәкен кім?, Ғажайыптар кезеңдері бойынша сынға түсті. Нәтижесінде 10 А сынып оқушылары І орынға, 10 Ә сынып оқушылары ІІ орынға ие болды.

Іс-шара соңында оқушылар кітап көрмесіне шолу жасады. Көрмеге ақынның кітаптары, ғалымдардың зерттеулері мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары қойылды.

Автор: №7 МГ