КАНИКУЛ КЕЗІНДЕГІ ЖАЛПЫ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

Дата: 2018-11-27 16:19:22
КАНИКУЛ КЕЗІНДЕГІ ЖАЛПЫ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

КАНИКУЛ КЕЗІНДЕГІ ЖАЛПЫ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

Әрбір оқушы каникул кезінде өзін-өзі ұстау туралы тәртіп ережесін міндетті түрде білу керек. Ережелер туралы ата-аналар мен мектеп мұғалімдері құлағдар ету қажет. Сынып жетекшілері арнайы сабақта өзін – өзі көшеде, қоғамдық көлікте ұстай білулері туралы, көшеде жүру ережесі туралы, үлкендермен сөйлесу әдебі туралы түсіндіреді.

Қауіпсіздік ережелерін білу арқылы оқушылар каникул кезінде жарақат алмайды. Кейбір жағдайда бұндай ақпарат оқушының өмірін сақтап қалады. Бөгде адамдардың көлігіне отыруға, бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салынған! Бейтаныс адамдарға есікті ашуға, электрқұралдарымен, қауіпті заттармен ойнауға болмайды. Жануарларға жәбір көрсетуге болмайды.

Міндетті түрде ЖЖЕ сақтау қажет! Жолдан дұрыс өту.

Балалар білуге тиіс:

·                     бұралқы жануарлармен ойнамау;

·                     дәрілерді, таныс емес заттарды қабылдамау, ішімдік, наша;

·                     рұқсатсыз су жағасына барма;

·                     бейтаныс ауданда серуендемеу, биіктіктен секірмеу;

·                     бағдаршамның қызыл түсіне және көрсетілмеген орында жүгірмеу;

·                     өткір, жарылғыш, жанғыш заттармен ойнамау;

·                     компьютералдында көп отырмау;

·                     қоқыс, құрылыс алаңдарында, тас жол және темір жол маңатында жүгірмеу;

·                     бейтаныс адамдарды пәтерге шақырмау, бөгде адамдарға ата-аналарының ақшаны, бағалы заттарды сақтаған жерлері туралы айтуға болмайды;

·                     асқа бейтаныс өсімдіктер мен азық – түліктерді қабылдамау;

·                     пәтер кілтін басқа біреулерге көрсетуге болмайды;

·                     қоғамдық орындарда өзін – өзі ұстау әдебін сақтау.

Балалар жиі қол, аяғын, құлағын, мұрындарын үсіріп алады. Алғашқы көмекті көрсете білуді білу қажет. Мысалы: оқушы үсіп қалған саусақтарын салқын суда жылытып, бірте-бірте су температурасын ұлғайтып отырады.

Күзгі каникул кезіндегі қауіпсіздік

Каникул кезінде жалпы ережелерді сақтау қажет!

Құрғақ жапырақтарды жағуға тыйым салынады. Түтін денсаулыққа зиянды. От көрші ғимаратқа көшуі мүмкін. Шалшық суда жүгіруге болмайды. Суланған аяқ киім суық тиюге әсер етеді. Күзде жылы киіну қажет.

Балаға бейтаныс жидектер мен саңырауқұлақтарды жеуге болмайтындығы туралы айтып түсіндіріңдер! Ата-ананың рұқсатынсыз күзгі серуенге шығуға болмайды. Серуен кезінде қандай жағдайға тап болатынын ешкім білмейді.

Автор: №7 МГ