«Қауіпсіз Интернет» фотоконкурс

Date: 2018-03-12 19:08:29
«Қауіпсіз Интернет» фотоконкурс

     Күнделікті өмірге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол – Ғаламтор. Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Дегенмен, Ғаламторда көп уақыт отыру т.б. зияны туралы көп балалар біле бермейді. Сол себепті қауіпсіз Ғаламторды пайдалану керектігін ескерте отырып, желі ішінде кездесетін қауіптілік жайында мағлұмат беруді жөн көріп, Мектебіміздің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Қауіпсіз - Интернет» атты байқау ұйымдастырылды. Тақырыпты ашу мақсатында арнайы слайд дайындап, балаларға түсінікті болу үшін YouTube сайтынан алынған «Ғаламтордағы ойын-сауық және қауіпсіздік» бейнеролигі көрсетілді. Осылайша қызықты мәліметтермен оқушылар білімдерін толықтыра түстік. Іс – шара барысында байқау жеңімпаздарының аты – жөндері. Олар: 1-орын иегері - Қанатбек Жансая;  2-орын иегері - Ерғазы Дарын;  3-орын иегері – Сарсенбай Аружан. Сонымен қатар, іс – шараға қатысқан барлық оқушылардың еңбектері бағаланып Мадақтамалармен Ғаламторда қауіпсіз жұмыс жасау жадынамасы таратылды.