Мысыр халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растады.

Дата: 2015-11-26 04:47:00
Мысыр халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растады.

13.11.2015

Мысыр халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растады.

Бұл туралы Мысырдың Индустрия және сауда министрі Тарек Қабил Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Берік Арынмен кездесуі барысында хабардар етті.

Тараптар қазақстан-мысыр Іскерлік кеңесінің жаңа құрамын құру, Мысыр тарапының «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу, тағы да басқа маңызды мәселелерді қарастырды.

Б. Арын «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге байланысты жүріп жатқан дайындық жұмыстары мен іс-шараға қатысу шарттары жайында толық ақпарат берді. Өз кезегінде Т. Қабил алдағы көрме тақырыбының өзектілігін атап өтіп, жуық арада МАР ұлттық секциясының комиссары тағайындалады деп сендірді.

Айта кету керек, бүгінгі таңда 51 мемлекет пен 11 халықаралық ұйым ЭКСПО көрмесіне қатысатындығын ресми растады.

Автор: №7 МГ