«Нашақорлыққа жол жоқ!»

Дата: 2023-04-07 14:18:06

Мақсаты:Нашақорлық – ғасыр дерті екендігін, нашақорлық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да,салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

 Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қортындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау.

 «Нашақорлыққа жол жоқ!» слайд

1. «Ассоциация» ойыны. «Нашақорлық» сөзіне ассиоциация жазу. Ассоциация сөздер батманға жазылады.

  Нашақорлық - наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.

2. «Бәріміз бірге» ойыны. Қатысушыларға жіп, қарындаш және шырын бөтелкесі беріледі.

 Қатысушылар жіптің көмегімен, карындашты шырын бөтелкесіне салулары қажет. Әр адамның қолында жіптің бір ұшы қалу керек. Топқа ойлануға уақыт беріледі. Жаттығу кезінде сөйлеуге тыйым салынады. Егер карындаш жерге түсіп кеткен жағдайда қайта жалғастырады. Ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар талдау жасап өз ойларын білдіреді

 Қорытынды:Нашақор қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолында

Автор: №7 МГ