«¬¬Өлке тарихындағы тұлғалар»

Дата: 2023-04-06 10:49:35
«¬¬Өлке тарихындағы тұлғалар»
 Балқаш қаласының тарихы,  қаланың өркендеп дамуына үлес қосқан құрметті азаматтар жайында жалпы оқырманға түсінік беру мақсатында   №3 кітапхана-филиалында №7 мектеп –гимназияның орта буын сынып оқушыларының қатысуымен «Өлке тарихындағы тұлғалар» атты өлкетану сағаты өткізілді. 
   Іс-шара барысында қазақ тарихында  өзіндік із қалдырған, рухани және мәдени саласына ат салысқан ақындар, батырлар және тағы да басқа да тарихи тұлғалар жайында мәлімет берілді.  Оқушылар өлкетану  туралы  бойынша викториналық сұрақтарға жауап беріп,  туған өлкелерінің тарих туралы білімдерін одан әрі кеңейтті. Өлке туралы жергілікті ақындарымыздың өлеңдері оқылып,  «Қазыналы өңір, құтты өңір» атты  кітап көрмесі таныстырылды.
Автор: №7 МГ