2023 жылдың 24 наурыз көктемдегі демалыс күндері "Сәкен Сейфуллин атындағы 7 мектеп-гимназиясының" 9-cынып оқушылары ҚР «Халық қаһарманы» Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжіне барып, кәсіби сынамадан өтті. Оқушылар колледждің оқу ерекшелікте

Дата: 2023-03-27 10:58:41
2023 жылдың 24 наурыз көктемдегі демалыс күндері "Сәкен Сейфуллин атындағы 7 мектеп-гимназиясының" 9-cынып оқушылары ҚР «Халық қаһарманы» Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжіне барып, кәсіби сынамадан өтті. Оқушылар колледждің оқу ерекшеліктері және дәнекерлеу, слесарлық, столярлық, электриктер, станокшылар, көпір краны машинисті, құрылыс шеберлерін дайындықтан өтетін шеберханалармен танысты.
Колледж осы уақытқа дейін өндірісті өңірімізге жиырма мыңнан астам мамандарды дайындап шығарған. Оқушыларға кәсіптік бағдар берудегі басты міндет -қоғамға қажет, сұраныстағы мамандықтармен таныстыру. Колледждің қоғамға қажет мамандарды даярлаудағы жетістіктері ұшан теңіз екендігі жайлы  толықтай ақпарат айтылып, оқушылар өз сұрақтарына толықтай жауап ала алды.
Автор: №7 МГ