Размер шрифта:

«Ауғанның асуында от кешкендер»

Дата: 2023-02-15 15:22:51
«Ауғанның асуында от кешкендер»
Ауған оқиғасының тарихи  мағыналық  ақиқатын ашу,  ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу мақсатында №3кітапхана-филиалының ұйымдастырумен ақпан айының 15 жұлдызында «Ауғанның асуында от кешкендер» атты танымдық тарихи сағаты өткізілді. Іс- шарада ауған жерінде ерлікпен қаза тапқан жас боздақтарды бір минут үнсіздікпен  басталды. Адам жанына жара салатын Ауған соғысы жайлы жас оқырмандарымызға тарихы таныстырылып, соғыс жайлы ардагерлеріміздің бастарынан өткен қиын кезеңдері, сәттері айтылды.«Мен ауған соғысы жайлы оқимын» жайында кітап  көрмесімен таныстырылып  шолу жасалды. Бұл күн-көңілде сызы, жүректе із қалған ауыр да азатты күн болып қала бермек. Шараға №7 мектептің орта сынып оқушылары қатысты.
Автор: №7 МГ