"Өнегелі өмір"

Дата: 2023-02-02 09:28:05

25.01.2023 күні мектебімізде облыстық "Өнегелі өмір "жобасы аясында өмірде табысқа жеткен  адамдармен кездесіп,  еңбек жолын, өнегесін  үлгі ету мақсатында "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы және мектебіміздің ардагер ұстазы Елеубекова Мариям Зиядақызымен кездесу өткізілді. Кездесу қонақтары еліміздің азаматтық ұстанымы бар, кәсіби бағдарланған мектеп түлектеріне табысқа жетуде аянбай еңбектеніп, мамандықтарын дұрыс таңдауына, өмірде өз орындарын таба білуге  бағып-бағдар берді. Табысқа жеткен аталмыш ұстаздарға сұрақтар қойылып, сүбелі сұқбат ұйымдастырылды.

Автор: №7 МГ