2023 жылдың 9 қаңтары күні «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК ұйымдастыруымен мектеп парламенті мүшелерінің арасында қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

Дата: 2023-01-16 11:42:42
2023  жылдың 9 қаңтары күні «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК ұйымдастыруымен мектеп парламенті мүшелерінің арасында қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирдің мақсаты: оқушылар арасында мектепішілік пікірсайыс (дебат) қозғалысын дамыту және насихаттау, қолдау. Турнир Америкалық Парламенттік Форматында  (АПФ) өтіп, қазақ лигасына 13 пікірсайыс тобы, орыс лигасына 5 пікірсайыс топтары қатысты. Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасында мектебіміздің оқушылары белсенділік танытып, жүлделі орынға ие болды.
 
І орын – «Сәкен жастары» тобы (С.Сейфуллин атындағы №7 м/г)
ІІ орын – «Сәкен болашағы» тобы (С.Сейфуллин атындағы №7 м/г)         
Жеңістеріңіз құтты болсын!!!!
Автор: №7 МГ