9.11.2022ж«Өнегелі өмір» тақырыбында «Кәусар бұлақ» жас журналистер клубының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мектебіміздің түлегі, ақын, журналист, «Балқаш өңірі» газетінің редакторы– Аманқұлов Қуаныш Сағынтайұлымен кездесті. Іс-шараны «Кәусар бұлақ»

Дата: 2022-12-20 15:43:03
9.11.2022ж«Өнегелі өмір» тақырыбында  «Кәусар бұлақ» жас журналистер клубының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары  мектебіміздің түлегі, ақын, журналист,  «Балқаш өңірі» газетінің редакторы– Аманқұлов Қуаныш Сағынтайұлымен кездесті. 
Іс-шараны «Кәусар бұлақ» жас журналистер клубының жетекшісі Мақпал Сағатбекқызы жүргізді. Кездесу барысында Қуаныш Сағынтайұлы өмір жолына тоқталып, шығармашылығы жайлы мәліметтерді ортаға салды.
Сонымен қатар, әңгіме барысында тәлім-тәрбиеге толы мысалдар келтіріліп, оқушыларға рухани азық боларлық дүниелер қозғалды. Ақындықтың қырының қыр-сыры айтылып, поэзия туралы терең әңгімелер өрбіді. Сұхбат барысында ақын  өзінің өмір жолынан, өзінің оқушы болған балалық шағынан түрлі мысалдарды ортаға салып, оқушыларға әсерлі әңгіме айтты. 
Сондай-ақ, оқушылар, клуб мүшелері тарапынан да ақынға шығармашылығы, мамандығы және поэзия туралы сұрақтар қойылып, оған лайықты жауаптар қайтарылды. Әрі қарай ақын ортаны өлеңмен өрнектеді. Кездесу соңында  ақынмен естелікке суретке түсу рәсімін жасады..
Автор: №7 МГ