2022жылдың 14 қазан күні Қарағанды облысының білім басқармасы мен «Сарыарқа дарыны» орталығы Қарағанды қаласының №2 оқушылары сарайында «Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауда 3-10 сыныптар оқушылары өзара сайысқа түсті.

Дата: 2022-10-17 08:43:20
2022жылдың 14 қазан күні Қарағанды облысының білім басқармасы мен «Сарыарқа дарыны» орталығы Қарағанды қаласының №2 оқушылары сарайында «Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқауда 3-10 сыныптар оқушылары өзара сайысқа түсті. 
Жалпы байқауға өңірден 80 оқушы қатысты. Оқушылар сыныбына қарай 4 топқа топтастырылып, әр топ берілген 2 кітап бойынша тапсырмалар орындады.
Байқау нәтижесі бойынша мектебіміздің   6-сынып оқушысы Мәжкен Минура жүлделі ІІ Дәрежелі Дипломмен  марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Батталова Ә.О.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Дайындаған ұстазы мен қолдау көрсеткен ата - анасына алғыс білдіреміз!
Автор: №7 МГ