12.10.2022 жыл. 4-сынып оқушыларының жалпы ата- аналар жиналысы болып өтті. Мектептің жоспарына сәйкес «Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісін өткізу ережелері мен қағидалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы

Дата: 2022-10-14 10:53:05

12.10.2022 жыл. 4-сынып оқушыларының жалпы ата- аналар жиналысы болып өтті.  Мектептің жоспарына сәйкес «Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісін өткізу ережелері мен қағидалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығы негізінде таныстырылды. Бастауыш сынып оқушыларының жасерекшеліктеріне сәйкес психологиялық қолдау түрлері, қарым- қатынас ерекшеліктеріне мектеп психологы Назгүл Олжабайқызы тоқтала кетті. Балалардың өздігінен білім алуға жетелейтін оқыту платформалары мен балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру бойынша ұсынымдар айтылды. Жиналысқа қатысқан ата- аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап алып, әртүрлі мәселелер қозғалды..

 

Автор: №7 МГ