Размер шрифта:

С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ Қамқоршылық кеңесі отырысы №1 хаттама көшірмесі

Дата: 2022-09-27 10:00:33

С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ

Қамқоршылық кеңесі отырысы

№1 хаттама көшірмесі

 

Күні: 25.08.2022ж

Қатысқаны:қамқоршылық кеңестің мүшелері – 9

Күн тәртібінде:

  1. Республикалық мектепке жол акциясы бойынша ақпар

/мектептің әлеуметтік педагогы Оралова А.А./

  1. Мектеп-гимназияның жылдық жоспары мен сабақ кестесін құруға қатысу

/Қамқоршылық кеңес төрағасы М.Н. Көшербаев/

    3.Мектеп жарғысы мен ішкі тәртіп ережесімен таныстыру

/директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.К.Салыкбаева/

 

Тыңдалды:

Оралова А.А. – әлеуметтік педагог.

  1. Акция басталғаннан бастап, демеушілік етуге үгіттеу мақсатында сауда орындарына, дүкендерге үндеу парақтары таратылды. Қазіргі таңда «Жалпыға білім беру қорынан» бөлінген қаражатқа тіркелген 121 баланың әрқайсысы 37000теңгеден алса, демеушілердің көмегімен 14 бала толық киімдерімен және сөмке, оқу-құралдарымен қамтамасыз етілгендігін призентатциямен көрсетіп өтті.

Көшербаев М.Н.- қамқоршылар кеңесінің төрағасы

  1. 2022-2023 оқу жылының жылдық жоспары мен сабақ кестесін құру және мектеп әкімшілігіне әрбір сыныптағы пәндер бойынша оқу сағаттарының нормаларын, мектептің материалдық- техникалық базасы мен кадр ресурстарын ескере отырып, автоматтандырылған бағдарламаларды пайдалану ұсынылады. Білім алушылардың бір күндік және апта ішіндегі ой еңбегінің жұмысқа қабілеттілігі динамикасын ескеру және «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес пәндерді қиындығына қарай саралау кестесін пайдалану қажет (ҚР ДСМ 2021жылғы 5 тамыздағы № ҚРДСМ-76 бұйрығы) туралы айтып өтті.

Салыкбаева Ж.К.- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  1. 2022-2023 оқу жылындағы мектептің жарғысы, ішкі тәртіп ережесімен таныстырып, биылғы оқу жылындағы ата-аналармен жасалатын келісім шартты және мектеп формасымен таныстырды. Сонымен қатар мектеп оқушыларын қабылдаудағы дайындық пен 1 қыркүйек білім күнінің әзірлемесімен таныстырып, кезекшілік кестесін көрсетті.

 

Шешім:

  1. Республикалық мектепке жол акциясы бойынша барлық көмекті толық таратып, басқада өмірлік қиын жағдайға тап болған, сәтсіздікке ұшыраған отбасы жағдайларын бақылауды әлеуметтік педагог А.А.Ораловаға тапсырылды.
  2. Мектептегі қамқорлық кеңесімен бірлесе отырып оқу-тәрбие үрдісіндегі барлық іс-шаралар мен сыныптардың сабаққа қатысуы, санитарлық норманы орындауларын бақылаудиректордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ж.К.Салыкбаеваға жүктелсін.

 

             Қамқоршылық кеңесі төрағасы                   А.М.Көшербаев

 

             Қамқоршылық кеңесі хатшысы                   Ж.К.Салыкбаева

Автор: №7 МГ