2022 жылдың 19 қыркүйегінде Балқаш қаласының М.Русаков атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп - интернатының базасында қала мектептерінің 9-10 сыныптары арасында «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың мақс

Дата: 2022-09-23 16:29:21
2022 жылдың 19 қыркүйегінде Балқаш қаласының  М.Русаков атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп - интернатының базасында қала мектептерінің 9-10 сыныптары арасында «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті.
 
Байқаудың мақсаты – өз елінің тарихына қызығушылық танытатын, шығармашылық қабілеттерін танытатын дарынды оқушыларды анықтау, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді дамыту, сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы туралы білімдерін дамыту, ұлттық өзін-өзі тану және өзінің шағын Отанына деген мақтаныш сезімін дамыту.
Қаланың 15 мектебінен 30 оқушы қатысты, 9-сыныптан 17 қатысушы, 10-сыныптан 13 қатысушы. Байқау екі кезеңнен тұрды, тест сұрақтарынан және эссе. Байқауға мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қорытынды нәтижесі бойынша:
10 сынып оқушысы Адылхан Гүлназ ІІІ Дәрежелі Диплом.
Жетекшісі: Карина А.Б.
9 сынып оқушысы Таженов Алан Сертификат.
Жетекшісі: Абикенова Г.А.
Табысқа жеткен барлық оқушыларымызды құттықтай отыра, болашақтары жарқын болуын тілейміз!
Автор: №7 МГ