Түлектерімізге ақ жол тілейміз!

Дата: 2022-07-27 10:04:19

16 маусым күні «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ 11-сынып білім алушыларына Жалпы орта білім туралы аттестат берілді. Мектеп-гимназия директоры Г.М.Манатаева мектеп түлектерін құттықтап, ақ жол тілеп, түлектерімізге салтанатты түрде аттестатты табыстады. Барлық пәндерден үздік оқыған Берікқызы Ғалия, Жаппарғалы Камила, Садуакас Ажар Дарханқызы «Үздік аттестатпен» марапатталды. Марапаттау соңында ата-аналар мен оқушылар мектеп ұстаздарына алғыстарын білдірді.
5-11 сыныптар аралығында үлгілі мінез-құлық танытып, барлық пәндерден «5» болған оқушыларымыз Танырберген Дильназ Есенгелдіқызы, Қасымова Назым Қайратқызы қала әкімі Тәуірбеков Ораз Қайсайұлының салтанатты құттықтау рәсіміне қатысып, жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестат пен "Алтын белгі" белгісімен марапатталды.
Түлектерімізге ақ жол тілейміз!

 

Автор: №7 МГ