22.07.2022

Дата: 2022-07-22 16:00:07
22.07.2022 жылы "С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы" КММ-де күрделі жөндеу бойынша "Жібек жолы" ЖШС-нің қатысуымен, Авто техқадағалау Сапарбаев Ермек, қалалық мәслихат депутаты Грищенко А. Н., білім бөлімінің бас есепшісі О. И. Бубновамен кезекті жиналыс өткізілді. Мектептегі жасалып жатқан барлық нысандарға бірге барып тексерілді. Осы жерде  барлық жинақталған  сұрақтарға ӨТБ бастығы Е. Н. Татарчук және инженер Манас Ілиясов жауап берді. Мектептегі барлық жасалып жатқан нысандар бойынша өткізіліп жатқан  күрделі жөндеу кезіндегі қажетті кемшіліктер мен басқа да жұмыстарын айтып көрсетті. Авто техқадағалаушы Сапарбаев Ермек сметтік құжаттамалардың орындалу барысы мен  келесі жылға қалуы тиіс жұмыстарды сараптап түсіндірді. Қалалық мәслихат депутаты А. Н.Грищенко өткен кездесудгі ескертулерін жою бойынша қарап, тексеріп кесте бойынша және мердігерлік ұйымның ағымдағы жұмыс қызметі бойынша сұрақтар қойды. Мектептегі барлық жасалып жатқан жерлерін көріп келгеннен кейін келіспеушіліктер мен дайын жұмыс актілері бойынша мәселелер талқыланды. Барлығының қатысуымен келесі шешім  қабылданды: 
1. Мердігер ұйым шілде айының соңына дейін "+" және "-" сметалық құжаттаманы ұсынуы және объектіні тапсыру уақытына, яғни 01.08.2022 жылға түпкілікті сметаны дайындауы қажет.
2. 25.07.2022 ж. жөндеу жұмыстары бойынша келіспеушіліктердің барлық жауапты хаттамасын жасау және қол қойылсын.
3. 23.07.2022 жылы қолданылған барлық материалдарға сертификаттар тапсырыс берушіге тапсырылсын.
Комиссия барлық жүргізілген жұмыстарға қанағаттанарлық баға берсе де, әлі күнге дейін бекітілген кесте бойынша артта қалушылық бар екенің нақтылады. Кесте бойынша өзгерістерді жою барысы комиссияның қатаң бақылауында болатыны ескертілді.
 
 
 
 
Автор: №7 МГ