2022 жылдың 28 ақпан күні «Сарыарқа дарыны»

Дата: 2022-03-01 15:54:32
 2022 жылдың 28 ақпан күні «Сарыарқа дарыны»
 2022 жылдың 28 ақпан күні «Сарыарқа дарыны» ғылыми-практикалық орталығы және  мамандандырылған Нығмет Нұрмақов атындағы мектеп-интернатының  ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Оқу-ағарту ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, тәлімгер, ұстаз Ләззат Бәйішқызын еске алу, сондай-ақ Қарағанды облысының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету мақсатында қазақ тілі мен әдебиетінен Ләззат Бәйішқызы атындағы облыстық олимпиада өтті.
Олимпиадаға облыс бойынша 9-11 сынып оқушыларынан 118 оқушы қатысты.  Олимпиада 2 айналымнан өтті.                               
1-айналым жазбаша эссе
2-айналым ауызша 
 
Олимпиадаға мектебіміздің 10 сынып оқушысы Нұрланбекова Айдана қатысып, жүлделі І орынға ие болды.                                                                                                                                                  Дәстүрлі түрде өтетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиадаға қатысуға жолдама алды.
Жетекшісі: Тлеубекова Мөлдір Манатбекқызы.  
Жеңіс құтты болсын! Сәттілік тілейміз!
Автор: №7 МГ