20.10.2021ж «Қазақстан-2030 стратегиясы» атты өзекті, саяси тақырыпта мектепішілік дебат отырысы өтті. Бізде екі команда, яғни үкімет тарапынан: 1-ші спикер Құсылбеков Ердос, 2-ші спикер Касимов Батырхан; оппозиция тарапынан 1-ші спикер Құрмаш Аружан, 2-ш

Дата: 2021-11-09 09:48:22

20.10.2021ж «Қазақстан-2030 стратегиясы» атты өзекті, саяси тақырыпта мектепішілік дебат отырысы өтті. Бізде екі команда, яғни үкімет тарапынан: 1-ші спикер Құсылбеков Ердос, 2-ші спикер Касимов Батырхан; оппозиция тарапынан 1-ші спикер Құрмаш Аружан, 2-ші спикер Рыскелдиева Айгерім атты 9-шы сынып оқушылары тартысты ойын көрсетті. Олар ортаға дәлелді пікір келтіріп, жалынды цитаталармен сөйлей алды. Олар АПФ (Американдық Парламенттік форматта) ұсынылған тақырыптың ұсақ-түйек аспектілерін жинап, фактілермен, логикалық дәйектемелермен сөйлей алды. Ұсынылған қарарға байланысты өздерінің дефинициясын ойлап, кілт сөздер ұсынып, STATUS QUO (Резолюцияда берілген тақырыпқа сай статистикалық мәліметтер ұсына алды. Бірақ, сәл басымдылықпен үкімет тарапы осы талаптарға сай орындап, аргументацияны, құрылымын сақтап озық ойын танытты. Екітарап та ойын барысында қарсыласына төтесінен сұрақтар жаудырса да, еш саспай жақсы ойын көрсетті. Ойында балалар қарсылас болғанымен де, өмірде бір-бірімен сыйласымды достар екенін танытып, қол алысты.

Автор: №7 МГ