06.10.2021ж. Тлеубекова Мөлдір Манатбекқызының ұйымдастыруымен 9А сыныбында қазақ даласына алғаш қоңырау үнінің сылдырын сыйлаған тұңғыш педагог, ғалым атамыз Ыбырай Алтынсариннің 180ж мерейтойына орай «Ұстаздық ұлыдан» атты танымдық ойын өткізілді.

Дата: 2021-10-12 09:49:32

06.10.2021ж. Тлеубекова Мөлдір Манатбекқызының ұйымдастыруымен  9А сыныбында  қазақ даласына алғаш қоңырау үнінің сылдырын сыйлаған тұңғыш педагог, ғалым атамыз Ыбырай Алтынсариннің 180ж мерейтойына орай «Ұстаздық ұлыдан» атты танымдық ойын өткізілді. Ойын қатысушылары екі топтан және жанкүйерлерден тұрып,  «Үй тапсырмасы», «Поэтикалық батл», «Ойлы болсаң, озып көр», «Суреттер сөйлейді» кезеңдері бойынша  білімдерін ортаға салды. Топ мүшелері «Үй тапсырмасы» кезеңінде Ыбырай әңгімелері бойынша көрініс көрсетіп, «Поэтикалық батл» бөлімінде Ыбырай өлеңдерін жатқа оқудан жарысты. Ал «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде  Ыбырай Алтынсариннің өмірі және шығармашылығына қатысты сұрақтарға шаршыда берілген әріптерден сөздер құрау арқылы жауап берсе, «Суреттер сөйлейді» кезеңінде берілген пазлдардан Ыбырай шығармаларына қатысты суреттерді құрастырып, қорғап шықты.Ойын қорытындысы бойынша екі топ қатысушылары да тең ұпайға ие болды.

Автор: №7 МГ