"Адалдық дүкені"

Дата: 2021-09-23 14:48:37

"Адалдық дүкені"-бұл сатушысыз дүкен. Оның мақсаты оқушының азаматтық жауапкершілігін, адалдық қасиетін сынауға бағытталған десек те болады. Бұл жерде мектепке қажетті құрал-жабдықтар сатылады. Керекті затты сатып алу үшін тауарды алып,  төлемін кассалық жәшікке салу қажет. Адалдық алаңына айналған бұл дүкен барлық сатып алушыларды асыға күтеді!

Автор: №7 МГ