Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес "Математика айналамызда" атты математикалық сауаттылық апталығы аясында "Өнегелі өмір" жобас

Дата: 2021-01-27 15:21:45

Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес "Математика айналамызда" атты математикалық сауаттылық апталығы аясында "Өнегелі өмір" жобасы бойынша қаламыздың ардагер ұстазы, математик Абдрахманов Серікбай Рақышұлымен кездесу өткізілді. Ғұмыры мен білімін ұстаздыққа арнаған Серікбай Рақышұлының өнегелі өмірі жайында тағылымды кездесуде оқушылар математиканың адам өмірінде алатын орны жайында сұрақтарын қойып, келелі әңгіме өрбітті. Ардагер ұстаз  кездесу барысында оқушылармен "Кім жылдам"инттелектуалдық ойынын өткізіп, математикалық сауаттылықтарын, тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын танытқан оқушылар  Бейбитов А.,  Тельманқызы Д., Жүнісов Е., Кәрібайұлы Е., Нұрахмет Қ., Бақтыбекова А., Сейдолла Н.  марапаттап, алғысын білдірді.

Автор: №7 МГ