ҰБТ 2021

Дата: 2021-01-21 09:43:55
Қарағанды облысында ауданы 2 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынады, демалыс күндері қалааралық автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Осы және басқа да шектеулер 23 қаңтар күні сағат 00-ден бастап Қарағанды облысының барлық аумағында енгізіледі. Бұл туралы Saryarqa YouTube-арнасында өткен брифингте өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин мәлімдеді.
- Осы жылдың қаңтар айында өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 44%-ға немесе өткен айдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе өсуі байқалады. 18 қаңтардан бастап Қарағанды облысы "сары" аймаққа енді. Осыған байланысты бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды, - деді облыстың бас санитарлық дәрігері.
ХҚКО-лардың, банктердің және "Қазпочта" бөлімшелерінің жұмысы 09.00-ден 18.00-ге дейін қысқарады. Олар алдын-ала жазылу бойынша жұмыс істейді (әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, термометрияны сақтай отырып, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып).
Қызметкерлер саны 15 және одан да көп адамды құрайтын ұйымдар штатының 60% ұашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.
Қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмыс, мереке және демалыс күндері жұмыс істеу режимі сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі. Толтырылуы 50%-дан аспауы тиіс (50 отыратын орыннан артық емес). Ұжымдық және еске алу іс-шараларсыз.
Тамақты өзімен алып кету және жеткізу уақыты шектелмейді.
Мәдениет нысандарының қызметі толымдылығы 20%-дан аспайтын жағдайда жүзеге асырылады.  Дайындық тек 30 адамнан аспайтын жағдайда ғана мүмкін болады.
Кинотеатрлар көрермендермен толығуы  20%-дан аспаған жағдайда жұмыс істей алады (30 адамға дейін).
65 жастан асқан адамдарға аса қажеттіліксіз далаға шығуды шектеу ұсынылады.
Жексенбіде жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, сауналар, моншалар, СПА-орталықтар, массаж салондары, СОО, СҮ, ауданы 2 000 шаршы метрден асатын сауда желілері, ондағы азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды, сұлулық салондары мен химиялық тазартқыштарды қоспағанда, қызметі тоқтатылады.
Жұмыс күндері сауналар, моншалар, СПА және массаж салондары 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істей алады.
Сенбі және жексенбі күндері облысішілік қалааралық тұрақты жолаушылар тасымалының қозғалысы тоқтатылады:
Қарағанды-Теміртау - Қарағанды, Қарағанды - Саран - Қарағанды, Қарағанды - Абай - Қарағанды, Қарағанды - Шахтинск - Қарағанды, Қарағанды - Шахан - Қарағанды, Қарағанды - Топар-Қарағанды.
- Коронавирустың алдын-алу көбінесе өзімізге байланысты. Масканы киіп жүру екі, тіпті үш есеге дейін аурудың алдын алу мүмкіндігін арттырады. Тек күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз осы індетпен күресте, оның ішінде біздің өміріміз үшін, туыстарымыздың өмірі мен денсаулығы үшін күресте нәтижеге қол жеткізе аламыз, - деді Юрий Залыгин облыс тұрғындарына.
Автор: №7 МГ