Адамзаттың тарихындағы барлық халықтарда сырт жағынан нәзік болып көрінген әйелдерден мықты мен дарынды патшайымдар сондай-ақ, атақты ақын әйелдер мен ержүрек әйелдер шыққан.

Дата: 2020-10-15 12:01:30
Адамзаттың тарихындағы барлық халықтарда сырт жағынан нәзік болып көрінген әйелдерден мықты мен дарынды патшайымдар сондай-ақ, атақты ақын әйелдер мен ержүрек әйелдер шыққан.
Адамзаттың тарихындағы барлық халықтарда сырт жағынан нәзік болып көрінген әйелдерден мықты мен дарынды патшайымдар сондай-ақ, атақты ақын әйелдер мен ержүрек әйелдер шыққан. Осы орайда «Қыз болашағы-ел болашағы» атты халықаралық қыздар күніне арналған апталық аясында кітапханада «Қазақстан мен әлемнің көрнекті әйелдері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
Кітап көрмесіне 4 сынып оқушылары шолу жасады. Көрме барысында оқушыларға Қазақстан мен әлемнің көрнекті  әйелдері жайында ақпарат беріліп, Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әні таспадан тыңдалды. 
Атап айтсақ, қазақтың бұлбұл әншісі К.Байсейітова жайында, Қазақ КСР-інің Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тәуелсіз «тарлан» сыйлығының иегері Әмина Өмірзақова жайында қызықты оқиғалар айтылады. Әмина апамыздың Ш.Аймановтың «Тақиялы періште» фильмінде ана ролін сомдағаны, өз ұлы, режиссер Т.Өмірзақовтың «Әмина» автобиографиялық фильмінде өзін-өзі ойнаудағы қызықты оқиғалармен жалғасты. 
Сонымен қатар қазақ биінің падишасы Шара Жиенқұлованың бүкіл өмірін, тағдырын  –  би әлеміне арнағаны жайында сыр-сұқбат болды.   

Көрме барысында оқушылар өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

Автор: №7 МГ