Хаттама №4 ТЖБ

Дата: 2020-10-05 17:24:32

«С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ

қамқоршылық кеңесі  №4 кезектен тыс отырысының хаттамасының көшірмесі

 

Күні:13.03.2020ж.

Қатысқаны:қамқоршылық кеңестің мүшелері-9 адам

Қамқоршылық кеңеске әкімшіліктен -7 адам

Күн тәртібінде:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 03.03.2010 жылғы № 5-11-4 / 973 хатын негізге ала отырып және барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы студенттер мен оқытушылардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шаралар кезеңінде және 3-тоқсанның аяқталуын ұйымдастыру.                          / мектеп директоры Г.М. Манатаева/

 

2.  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығын негізге ала отырып оқушылардың  тоқсандық жиынтық бағалау кестелерін ауыстыру туралы шешім қабылдау.

                                                /Қамқоршылық кеңес төрайымы Г.К. Смагулова/

Тыңдалды:

          Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры  Г.М. Манатаева сөз алып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 03.03.2010 жылғы № 5-11-4 / 973 хатын негізге ала отырып және барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы студенттер мен оқытушылардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, профилактикалық іс-шаралар кезеңінде каникул уақытында оқушылардың көпшілік орындарға бармауы, жеке бас гигиенасын қадағалауды және 3-тоқсанның аяқталуын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуін ұсынамын.

Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрайымы Смагулова Г.К. сөз алып, мектеп директоры Г.М. Манатаева айтып кеткендей хатты негізге ала отырып оқушылардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының 20 –тармағын  (Білім алушылар (денсаулық жағдайына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, қолайсыз метеожағдайларға байланысты, барлық деңгейдегі жарыстарға, конференцияларға, олимпиадаларға және ғылыми жобалар конкурстарына қатысу) болмаған жағдайда жиынтық бағалауды жеке кесте бойынша тапсырады) негізге ала отырып, осы күндері, яғни ІІІ тоқсанда өткізіп үлгермеген  тоқсандық жиындық бағалауларды  жазу үшін, каникулдан шыққаннан кейін, IV тоқсанда жеке кесте жасап өткізуді ұсынамын.

 

Шешім

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 03.03.2010 жылғы № 5-11-4 / 973 хатын негізге ала отырып және барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы студенттер мен оқытушылардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шаралар кезеңінде  және 3- тоқсанның каникулға шығу уақыты 16 наурыз бен 5 сәуір аралығына өзгертілсін.
  2.   ІІІ тоқсанның тоқсандық жиынтық бағалауларын Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының 20 –тармағын  (Білім алушылар (денсаулық жағдайына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, қолайсыз метеожағдайларға байланысты, барлық деңгейдегі жарыстарға, конференцияларға, олимпиадаларға және ғылыми жобалар конкурстарына қатысу) болмаған жағдайда жиынтық бағалауды жеке кесте бойынша тапсырады) негізге ала отырып, оқушылардан тоқсандық жиынтық бағалауларын алу демалыстан шыққаннан кейін кесте жасап өткізу бірауыздан келісіліп, шешім қабылданды.
  3. Каникул уақытында оқушылардың көпшілік орындарға бармауы, жеке бас гигиенасы қадағаланылып отырсын.
Автор: №7 МГ